2022 жылғы 28 наурызда Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің шағын отырыс залында Қоғамдық кеңестің отырысы келесі күн тәртібімен өтті:
Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша 2021 жылға қоғамдық мониторинг нәтижесі.
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік қызметтер бойынша бас маманы Насирова Меруерт ақпарат берді.
Отырыс жұмысында ZOOM платформасы арқылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Болат Қазбекұлы Еңсегенов және аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар қатысты.
Қоғамдық кеңес қаралған сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылдады:
Ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қадағалау мақсатында 2022 жылдың 1 тоқсанында қызмет алғандарға қоңырау шалу жүргізу.
Ауданның қызмет көрсетушілеріне сайттағы телефон нөмірлерінің сәйкес келуін қамтамасыз ету. Тікелей телефон нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді қамтамасыз ету. Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірігіп «жасырын сатып алушы» әдісі бойынша қызмет көрсетушілерге қоңырау шалуды ұйымдастыру.
2022 жылғы 11 наурызда Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің отырыс залында Қоғамдық кеңестің отырысы келесі күн тәртібімен өтті:
Отырыс жұмысында ZOOM платформасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әубәкірова Әсел «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы туралы» ақпаратымен қатысты. «Мағжан Жұмабаев ауданында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы туралы» Насирова Меруерт ақпарат берді.
«Ветеринарлық анықтама беру», «Ветеринарлық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету» ақпаратымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-нің «Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станиясы» ШЖҚ МКК-н басшысының орынбасары Мақанов Мұрат сөйледі.
Қоғамдық кеңес қаралған сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылдады:
(Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 11-2 шешімімен бекітілген)
| р/с№ | ТАӘ | Туғанкүні | Лауазымы |
| 1 | Шәріпов Азамат Сайранұлы | 31.12.1988 | Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары |
| 2 | Хасенов Рашид Төлеуұлы | 25.04.1965 | «Мағжан Жұмабаев ауданы Чистов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі |
| 3 | Бәкіров Ермек Жәңгірұлы | 10.07.1964 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіптік дайындық және қызмет көрсету колледжі» КММ директоры |
| 4 | Барсуков Александр Михайлович | 10.04.1950 | Зейнеткер, Мағжан Жұмабаев ауданының еңбек ардагері |
| 5 | Елубаев Еркебұлан Әлімжанұлы | 29.06.1987 | «Мағжан жұлдызы» аудандық газетініңшеф-редакторы |
| 6 | Кукла Нұржиһан Сабырқызы | 26.03.1962 | «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының Солтүстік Қазақстан облыстық архиві» КММ аудандық филиалының директоры |
| 7 | Лакизо Татьяна Александровна | 19.02.1974 | Мәслихат аппаратының іс жүргізу және кадрлық жұмыс жөніндегі бас маманы |
| 8 | Қанышев Ахметхан Нұрғалиұлы | 06.06.1985 | Совет орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі,«Жас тәлімгер» үкіметтік емес ұйымның басшысы |
| 9 | Жұмағұлов Серік Тұрарұлы | 09.03.1971 | «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі» КМҚК филиалының Мағжан Жұмабаев |
| 10 | Пащенко Надежда Анатольевна | 14.12.1986 | «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Мағжан Жұмабаев аудандық комитеті» филиалының төрағасы |
| 11 | Төлеу Василиса Васильевна | 29.08.1993 | «Төлеу» ЖК басшысы |
| Вигерич Юрий Геннадьевич | 18.08.1993 | Қоғамдық кеңестің хатшысы |
Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобы әр үміткерге бағалау парағын толтырды және бетпе-бет тілдесу өткізді, кейін ашық дауыс беру нәтижесі бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық кеңесінің құрамы анықталды.
Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес құрамын аудандық мәслихат сессиясында талқылауға еңгізуді және әзірленген Ереже жобасын Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына бекіту үшін жолдауды шешті.