Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
2. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құрудың тәртібі
3. Қоғамдық кеңес жұмыс тобымен (бұдан әрі – жұмыс тобы) мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырады.
Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
4. Жұмыс тобы құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы дербес айқындайды. Бұл ретте мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңес қарайтын басым мәселелерді негізге алуы қажет.
5. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
6. Жұмыс тобының сандық құрамын – мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
7. Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырады. Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
8. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
9. Кандидаттар тізімін құру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
10. Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде құжаттарды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жолданатын пошта және электрондық мекенжайын көрсете отырып, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.
11. Жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруде жұмыс тобының басшысы Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік органның өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобы мүшесіне кандидаттар қатысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымдардан кандидат өз кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттар отырысқа қатысуға міндетті.
12. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
13. Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
3. Жұмыс тобының өкілеттіктері, жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
14. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ереже негізінде Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.
15. Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын ескере отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
16. Жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар, байқаушыларды хатшы отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күн бұрын хабардар етеді.
17. Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты жұмыс тобының отырысын дайындау және өткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.
Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
18. Жұмыс тобы қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялайды оның атауын, пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттарды ұсыну мерзімдері және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
19. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңес құрамына сайланған болып есептеледі. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
20. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
21. Қалыптастырылған Қоғамдық кеңес құрамы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланады.
22. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, онда ашық дауыс беру арқылы Мағжан Жұмабаев аудандық Қоғамдық кеңес төралқасының төрағасы, хатшысы және барлық құрамы сайланады.
23. Жұмыс тобы кезекті құрамның қоғамдық кеңесі өкілеттігінің барлық мерзіміне құрылады.
4. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
24. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы анықтайды.
25. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) республикалық және Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырады. Хабарландыруда мемлекеттік органның атауы, құжаттар жолданатын пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттарды ұсыну мерзімдері және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
26. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жұмыс тобына қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жазбаша нысанда (пошталық немесе электрондық мекенжайға) жолдайды.
27. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.
28. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңес құрамына сайланған болып есептеледі. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
29. Қоғамдық кеңеске мемлекеттік органның атынан өкілдікті мемлекеттік органның басшысы конкурс өткізбей бекітеді.
30. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі және Қоғамдық кеңес құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және (немесе) Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
31. Қоғамдық кеңес Заңда көзделген тәртіппен құрылады.
32. Қоғамдық кеңес автономды және дербес орган болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
33. Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңеске жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
34. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдері саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
35. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.
36. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда болады.
6. Өтпелі және қорытынды ережелер
37. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.