Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2025 жылғы
22 желтоқсандағы
№ 34-3 шешіміне қосымша
2026 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты
сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі
І тоқсан
- Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары туралы.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмысы туралы есеп
- Мағжан Жұмабаев ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық туралы.
- Кезектен тыс сессия (қажеттілігіне қарай).
ІІ тоқсан
- 2025 жылғы Мағжан Жұмабаев ауданы бюджетінің атқарылуы туралы.
- 2025 жылғы ауылдық округтер мен Булаев қаласы бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде елді мекендерді абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).
ІІІ тоқсан
- Мағжан Жұмабаев ауданындағы әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау туралы.
- Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихат депутаттарының жергілікті мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға жіберген депутаттық сауалдарын қарау туралы
- Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).
ІV тоқсан
- Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2026 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі.
- 2027-2029 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданының бюджетін бекіту туралы.
- 2027-2029 жылдарға арналған ауылдық округтердің және Булаев қаласының бюджеттерін бекіту туралы.
- Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындарына 2026 жылғы пайларды беру жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы.