БЕКІТЕМІН
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының төрағасы
_________ А.Н. Рахметова
2025 жылғы 09 желтоқсан
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының аппараты» КММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша
2026 жылға арналған
ЖОСПАР
Булаев қ. 2025 жылғы 09 желтоқсан
Мақсаты:
Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және барынша азайту, қызметтің ашықтығы мен айқындығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
Іс-шаралар:
|
№ |
Іс-шара атауы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу және мәслихат аппаратының қолданыстағы актілеріне уақтылы өзгерістер енгізу |
Тұрақты негізде |
Аппарат басшысы Г.Е. Аюпова, Бас маман-заңгер Р.С. Садыков |
НҚА-ның өзектендірілуі, құқықтық олқылықтарды болдырмау |
|
2. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
Жыл сайын, бекітілген кесте бойынша |
Жұмыс тобы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу |
|
3. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметтік әдеп бойынша түсіндіру семинарлары, дәрістер мен құқықтық оқыту өткізу |
Тоқсан сайын |
Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Г.Е. Аюпова
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру |
|
4. |
Мәслихат аппараты қызметкерлері арасында анонимді сауалнамалар жүргізу арқылы моральдық-психологиялық ахуалды және мүдделер қақтығысын анықтау |
Тоқсан сайын |
Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Г.Е. Аюпова
|
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу |
|
5. |
Аппарат қызметі туралы ақпаратты («Ашық бюджеттер» порталында, ресми сайтта есептер, бюджеттік бағдарламалар) жариялау |
Тұрақты негізде |
Аппарат басшысы Г.Е. Аюпова, Құрылымдық бөлімше басшысы Қ.Т. Қаржауова |
Қызметтің ашықтығын және халық сенімін арттыру |
|
6. |
Мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының кірістері мен мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы декларацияларды уақтылы ұсынуын бақылау |
Заңнамада белгіленген мерзімде |
Іс жүргізу және кадр жұмысы жөніндегі бас маман Т. А. Лакизо |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау |
|
7. |
Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету |
Тұрақты негізде |
Аппарат басшысы Г.Е. Аюпова, Бас маман-бухгалтер Е.И. Середа
|
Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
|
8. |
Тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарға жыл сайын түгендеу жүргізу |
Жыл сайын |
Бас маман-бухгалтер Е.И. Середа
|
Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету |
|
9. |
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Мәслихат аппараты қызметіне қатысты теріс материалдарды ай сайын мониторингтен өткізу |
Ай сайын |
Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Г.Е. Аюпова
|
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін сақтау |
|
10. |
2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп дайындау |
2026 жылғы желтоқсан |
Жұмыс тобы |
Қорытынды жасау, келесі жылға жоспарды түзету |
Күтілетін нәтижелер:
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.
Жамбыл ауданы мәслихаты аппараты қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыру.
Мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Халық пен депутаттық корпус тарапынан сенімді нығайту.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты
аппаратының басшысы Г. Аюпова