«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындылары бойынша

 талдамалық анықтама

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы  18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) басшылыққа ала отырып, сондай-ақ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 25-ө өкіміне сәйкес бекітілген құрамдағы жұмыс тобы, 2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап  26 қыркүйекті қоса «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан   әрі - Мәслихат аппараты) 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - ішкі талдау) жүргізілді.

Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) мәслихат аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мәслихат аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Үлгілік қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұйымдастыру-басқару қызметі деп мәселелер түсініледі:

1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Бірінші бағыт бойынша: Мәслихат аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу барысында ішкі талдау мыналарды көрсетті.

Мәслихат аппараты өз қызметінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын;

«Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Бұдан басқа, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мәслихат аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді және Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерін қолдану кезінде аппарат функцияларын іске асыру жөніндегі жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты мәслихаттың 19 сессиясын өткізді, онда 285 шешім қабылданды, оның ішінде 7 нормативтік құқықтық акт, 201 нормативтік құқықтық актілер ЭКБ-да жарияланды.             

Аудан мәслихатының төрағасы көрсетілген кезеңде 258 өкім шығарды, оның ішінде: жеке құрам бойынша 211 және негізгі қызмет бойынша 47.

Қазіргі уақытта мәслихат аппаратының қызметіне қатысты құқықтық нормалар қамтылған мынадай нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

          - Ұжымдық шарт, 2023 жылғы 06 маусымда бекітілген, тіркеу нөмірі № 13;

- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімі (бұдан әрі – Қызметті бағалау әдістемесі);

- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 шешімімен бекітілген Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының регламенті;

- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-5 шешімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі; 

Сондай ақ мәслихат аппаратында мемлекеттік мекеменің ведомствоішілік қызметі мәселелеріне қатысты мәслихат төрағасының өкімі қолданылады:

  • Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы Мағжан Жұмабаевтың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 33-ө өкімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметтік іссапарларға жіберудің және оларға жұмсалған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібі.

          Мәслихат аппаратының қызметіне және Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілеріне қатысты жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді, аудандық мәслихат төрағасының өкімдерін қолдану кезінде мәслихат аппаратының функцияларын іске асыру жөніндегі жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Екінші бағыт бойынша - мәслихат аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің штаттық және нақты саны 5 адамды құрайды, бұл ретте 2 штаттан тыс бірлік бар – еңбек шарты бойынша қызметкерлер (басшының хатшысы, жүргізуші).

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы  3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты депутаттар арасынан сайланатын аудан мәслихатының төрағасы жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат аппаратының құрылымы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының сессиясында бекітіледі. Мәселен, 2025 жылға мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-8 шешімімен бекітілген.

Мәслихат аппаратының құрылымына: аппарат басшысы және 4 бас маман: бас маман-заңгер, ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маман, іс жүргізу және кадрлық жұмыс жөніндегі бас маман, бас маман-бухгалтер кіреді.

Е-қызмет жүйесі бойынша 2023 жылғы 13 қыркүйектегі  «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілді.

Талданатын кезең ішінде бас маман-бухгалтердің бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізілді, маман мәслихат төрағасының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1-ө өкімімен тағайындалды.

Жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау үшін, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мәслихат аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, сондай-ақ қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кіріс органдарына декларацияларды уақтылы ұсынды.

Мәслихат аппаратында: жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы); лауазымды адамдар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

Сондай-ақ, Мәслихат аппаратында коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері жоқ.

Мәслихат аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері де жоқ.

Аталған кезеңде мәслихат аппаратының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, кадр жұмысының нәтижелері негізінде Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталған жоқ.

2) мүдделер қақтығысын реттеу мәселесі бойынша:

Талданып отырған кезеңде Мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу,  сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін талдау мақсатында Мәслихат аппаратында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қатысатын анонимді сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама деректері ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың қанағаттанарлық екенін, қызметкерлер мен басшының арасында  құрметпен қарайтын қарым-қатынаста екенін, қызметшілердің мінез-құлқы этикалық және моральдық жақтарын сақтайтынын көрсетті.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережеге сәйкес мәслихат аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсетуге (ұсынуға) өкілеттік берілмеген.

 4) рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

Мәслихат аппаратының лицензиялар мен рұқсат беру сипатындағы басқа да құжаттарды беру құзыреті жоқ.

5) бақылау функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

Мәслихат аппаратына Қазақстан Республикасының ережесі мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақылау және қадағалау функциялары берілмеген.

6) бақылау-қадағалау органдарында жүргізілген тексерулер

  Талданып отырған кезеңде бақылау-қадағалау органдары мәслихат аппаратында тексерулер жүргізген жоқ.

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау практикасы:

Келіп түскен өтініштер әртүрлі сипатта болады, бұл ретте олар заңнамаға сәйкес не мәселені түсіндіру және оң шешу жолымен қаралады және шешіледі. Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен, оның ішінде Е-Өтініш ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелері, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәслихат аппараты басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Мәселен, тұрақты негізде сайтта, стендте және ауданның ресми БАҚ-та: аудандық мәслихат төрағасының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кестесі, депутаттардың азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпарат, сенім телефоны туралы хабарландыру орналастырылады.

Аудандық мәслихат төрағасының қабылдау бөлмесінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» ақпараттық стенді орналастырылған.

Талданып отырған кезеңде мәслихат аппаратына жазбаша өтініш беру арқылы  – 24 азамат және азаматтарды жеке қабылдау арқылы - 7 адам жүгінді.

Келіп түскен өтініштер әртүрлі сипатта болды, бұл ретте олар заңнамаға сәйкес не мәселені түсіндіру және оң шешу жолымен қаралды және шешілді, олардың бір бөлігі қанағаттандырылды.  Барлық өтініштер азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-Otinish) арқылы белгіленген тәртіппен тіркелген.

Аудандық БАҚ-та, мәслихат аппаратының сайтында және ақпараттық стендтерінде мәслихат төрағасының, депутаттардың және Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған, сондай-ақ тоқсан сайын сенім телефоны туралы мәліметтер орналастырылады.

Осы талдау барысында мәслихат аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Қорытынды: жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша  ұйымдастыру-басқару қызметінде және мәслихат аппаратының ведомствоішілік жұмыс істеуіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдануда жұмыс тобы қорытындыға келді:

- мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

- мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар жоқ.

 

 

Жұмыс тобы:

 

Аппарат басшысы                                                         Г. Аюпова

 

Бас маман-заңгер                                                           Р. Садыков                                          

         

Ұйымдастыру жұмысы

жөніндегі бас маман                                                       Қ. Қаржауова

 

Іс жүргізу және кадрлық

жұмыс жөніндегі бас маман                                         Т. Лакизо

                                                        

 

Танысты:

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                       А. Рахметова

Дата публикации
01 октября 2025