2025 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты
сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі
І тоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы.
- Мағжан Жұмабаев ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру туралы.
- Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру және сумен жабдықтау объектілерін іске қосу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Кезектен тыс сессия (қажеттілігіне қарай).
ІІ тоқсан
- 2024 жылғы Мағжан Жұмабаев ауданы бюджетінің атқарылуы туралы.
- 2024 жылғы ауылдық округтер мен Булаев қаласы бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- Мағжан Жұмабаев ауданындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы.
Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).
ІІІ тоқсан
- «Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде аудан мектептерін жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы.
- Мағжан Жұмабаев ауданында жастар саясатын іске асыру туралы .
Кезектен тыс сессия (қажеттілік бойынша).
ІV тоқсан
- Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2025 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі.
- 2026-2028 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданының бюджетін бекіту туралы.
- 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің және Булаев қаласының бюджеттерін бекіту туралы.