Қырық екінші сессияның шешімдері

КҮН ТӘРТІБІ

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының

сегізінші шақырылымының қырық екінші сессиясы

 

Булаев қ.                                                                                                              2026 жылғы 15 шілде                                                                                                             

  1. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының депутаты Айзада Нұрланқызы Рахметованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және оны Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы қызметінен босату туралы.

Сөйлеуші: мәслихат төрағасы

  1. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде сегізінші шақырылым мерзімі аяқталғанға дейін оның өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын депутатты айқындау туралы.

Сөйлеуші: мәслихат төрағасы

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 39-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Умовист Е.А., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы

Дата публикации
16 июля 2026