Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы 2026 жылы 26 қыркүйегіне шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) «2026 – 2028 жылдарға арналған Мұғалжар ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов
Мұғалжар аудандық мәслихатының
ХАБАРЫ
Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес әр түрлі себептермен учаскелік сайлау комисссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына кандидатураларды ұсынудың басталғанын хабарлайды.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;
4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 17 қыркүйекке дейін.
Мұғалжар аудандық мәслихаты
Мәслихаттың орналасқан жері: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16.
Жауапты адам – Утенова Роза Кенжегараевна, каб. №213, ұялы телефон 87058365095, қалааралық телефон коды (871333), қызметтік телефон 3-24-61, факс нөмірі 3-04-16, электрондық почта maslixat_2010@mail.ru.
Сайлау комиссиялары бойынша бос орындар:
|
Сайлау комиссиялары |
Бос орындар |
|
№7 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№305 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№306 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№307 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№309 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№316 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№324 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№326 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№341 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№344 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
№352 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясы 2026 жылы 06 тамызына шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) «2026 – 2028 жылдарға арналған Мұғалжар ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов
Мұғалжар ауданының Қоғамдық
кеңесінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабына сәйкес:
Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңестің өкілеттігін тоқтатқан мүшелерінің орнына жаңа мүшелері 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К.Ермағамбетов
Мұғалжар аудандық
мәслихат төрағасының
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ өкіміне 1 қосымша
Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясы 2026 жылы 15 шілдесіне шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалар мен ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңесі 2026 жылғы 2 шілдедегі шешіміне сәйкес Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңесі;
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 5 (бес) адам.
Пошталық мекен-жайы: 030701, Ақтөбе облысы, Мүғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 210 бөлме.
Электронды пошта: maslixat_2010@mail.ru
Анықтамалар үшін телефондар: 3-24-61.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы «08» шілде- «21» шілде аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Мұғалжар ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды аудандық мәслихаттың электрондық мекен-жайына (maslixat_2010@mail.ru) немесе қолма-қол мына мекен-жай бойынша жібереді: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 210 бөлме., (жұмыс күндері) сағат 09.00-ден 18.30 дейін, үзіліс 12.30-дан 14:00 дейін.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясын шақыру туралы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші
сессиясын шақыру туралы