Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы!!!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін: 

1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №489 «2026-2028 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Ғ.Асқаров - Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 ақпандағы №68 «Мұғалжар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №147 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №308 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөнідегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5)Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы;
6) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы;
7) Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!

Дата публикации
12 марта 2026