Мұғалжар аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы!!!

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін: 

1) Мұғалжар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөнінде есебі туралы;
2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 шілдедегі №424 «2025-2029 жылдарға арналған Мұғалжар ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі №255«Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 314 «2025-2027 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Мұғалжар ауданының Талдысай, Жұрын, Егіндібұлақ, Қайыңды, Құмжарған ауылдық округтері, Мұғалжар ауылы және Ембі, Жем қалалары бойынша 2025-2029 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
6) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы №155 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!

Дата публикации
23 сентября 2025