ЖОБА
Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Мұғалжар аудандық мәслихатының
шешіміне
қосымша
|
Мұғалжар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы №17
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8113 болып тіркелген) шешімі;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 176 «Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы ( 2022 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 58 « Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ( 2023 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 68 « Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ( 2023 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі ;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 18 «Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ( 2023 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.