Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Мұғалжар аудандық мәслихатының жаңадан сайланған депутатының өкілеттігін тану туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №140 «2024-2026 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №165 «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Мұғалжар ауданы бойынша мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күшін жою туралы;
- Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы;
- Мұғалжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихат төрағасының жылдық есебі туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №5 «Мұғалжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын және мүшелерін сайлау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 маусымдағы №339 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!