Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVI - сессиясы!!!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін: 

1)Мұғалжар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;

2)Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

3)Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы №447 «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы- демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4)Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы №81«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5)Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №309 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6)Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы.

 

Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!

Дата публикации
02 апреля 2024