Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- 2024-2026 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы;
Баяндамашы: аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №527 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №309 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және штат кестесі, қызметтік автокөліктің лимиті туралы;
Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!