Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс IХ - сессиясы!!!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №279 «2023-2025 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2) Мұғалжар аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
3) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №258 «Мұғалжар аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 тамыздағы №347 «Адамдарды заңсыз әкету және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы №174 «Мұғалжар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы №81 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы №447 «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 181 «Мұғалжар аудандық жер комиссияның Ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 435 «Мұғалжар ауданының Қандыағаш, Ембі, Жем қалалары мен ауылдық елді мекендерінде жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) және бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
10) «Мұғалжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі №10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
11) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы №155 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
12) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №308 «Аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

 

Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - ҚҰЖАТТАРДЫ жүктеу қойындысына өтіңіз!!!

Дата публикации
03 ноября 2023