Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы
Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №279 «2023-2025 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
- Мұғалжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №527 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мұғалжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы;
- Мұғалжар ауданының Аққемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Қ.Жұбанов атындағы, Құмсай ауылдық округтері және Қандыағаш қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
- Батпақкөл, Құмжарған ауылдық округтеріне қосымша жер учаскелерін беру туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі №181 «Мұғалжар аудандық жер комиссиясының Ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы №155 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы №146 «Мұғалжар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы №17 ««Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Осы сессияның барлық шешімдерімен танысу үшін - жүктеу файлдары қойындысына өтіңіз.