Тұрақты комиссия төрағалары мен мүшелері:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына және 12 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мұғалжар аудандық мәслихатының келесідей тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері сайлансын:

 

Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқықтық тәртібі мәселелері, кәсіпкерлік және жұртшылықпен жұмыс және әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы 7 депутаттан сайлансын:

І. Е. Ниязова         -          №8 сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы;

С. А. Ведюшкин   -        №1 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

А. А. Аманжол        -       №5 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

А. Т. Сматов         -         №3 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

А. Ж. Джалимбетов  -   №7 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

Е. А. Сарқытбаев  -       №11 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

Е. Т. Бұхарбаев       -      №10 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.

 

Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономикалық реформа, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы 5 депутаттан сайлансын:

Е. Ж. Курмашев       -     №12 сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы;

С. Т. Жұмағалиев    -    №2 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

А. А. Ақбалеев      -        №9 сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

А. К. Болыспаев      -    №6  сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

С. Ж. Алданиязов    -   №14 сайлау округінің депутаты,  комиссия мүшесі;

Дата публикации
02 мая 2023