GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
13 октября 2026
МЕРКІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының жариялануына байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

1.Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйекте жариялаған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін өз міндеттерін атқарудан босату және олардың комиссия құрамынан шығуына байланысты бос орындарға сайлау өткізу жөніндегі жұмыстары тоқтатылды.

2.Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 қазанда жарияланған, 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 10:00-ге жоспарланған кезектен тыс 66-сессиясы өткізілмейді.

 

Меркі аудандық мәслихатының аппараты

01 октября 2026
Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті

2026 жылдың 1 қазаны күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті. Отырыс аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаевтың төрағалығымен өтті.

Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Доғдырбайұлы Байарыстан, тиісті аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Маңызды сұрақтардың қатарында:

1.«2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу;

2.Аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссиялар құрамын бекіту және оларға өзгерістер енгізу.

Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан егжей-тегжейлі талқыланып,  тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттық қызмет
29 сентября 2026
Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 64-ші сессиясы өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 64-ші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  2. «Меркі аудандық мәслихаты Аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы.

Сессия барысында халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік органның қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылдады.

25 сентября 2026
Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Меркі аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Меркі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан босатылуына және комиссия құрамынан шығуына байланысты, бос орындарға сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.

1.Аумақтық сайлау комиссиясы

р/с
№

Комиссия атауы және мекен жайы Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
1.

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
(Меркі ауылы, Ысмайлов  көшесі №167,  Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК)

  1
  БАРЛЫҒЫ 1

2.Округтік сайлау комиссиясы

р/с
№
Комиссия атауы және мекен жайы Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
1.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясы

(Ақтоған ауылы,  Қосбармақов  көшесі №26, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты)

1

2.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясы                                                                      

(Жамбыл ауылы,  Ысмайлов  көшесі №153А, Аудандық кітапхана)

2

3.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы                                                                      

(Жамбыл  ауылы, Ысмайлов  көшесі №146,  №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы жалпыорта білім беретін тірек мектебі)

1

4.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №7 округтік сайлау комиссиясы                                                                          

(Меркі ауылы, Сарымолдаев көшесі №162А,  Меркі ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай - бақшасы" МКҚК)

2

5.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №12 округтік сайлау комиссиясы                                                                                   

(Ақарал  ауылы, Сейтімбет  көшесі №15,  №5 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы)

3

6.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №15 округтік сайлау комиссиясы                                                                                

(Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №38,  №3 жалпы білім беретін орта мектебі)

2

  БАРЛЫҒЫ 11

3.Учаскелік сайлау комиссиясы

р/с
№
Комиссия атауы және мекен жайы Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

№270 сайлау учаскесі

(Жамбыл ауылы, Ысмайлов көшесі  №1А, Меркі ауданының білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжай - бақшасы"  МКҚК)

1

2.

№280 сайлау учаскесі

(Сарымолдаев ауылы, Омарходжаев  көшесі №2,  Меркі ауданының  білім бөлімінің А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы" КММ)

1

3.

№284 сайлау учаскесі

(Ойтал ауылы, Алатау көшесі №26, Меркі ауданының  білім бөлімінің №20 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ)

1

4.

№292 сайлау учаскесі

(Сұрат  ауылы, Қалдыбай көшесі №50, Меркі ауданының  білім бөлімінің №19 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ)

1

5.

№305 сайлау учаскесі

(Ақжол  ауылы, Төленді көшесі №20, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі"  МКҚК Ақжол ауылдық клубы)

1

6.

№477 сайлау учаскесі

(Меркі  ауылы,Сарымолдаев  көшесі №162А, Меркі ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай - бақшасы" МКҚК)

1

  БАРЛЫҒЫ 6

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 25 қыркүйегінен бастап 12 қазанға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан (№4) бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан (№5) бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау         2026 жылғы 25 қыркүйегінен бастап 12 қазанға дейін (қоса алғанда)  сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

 Меркі аудандық мәслихатының төрағасы -  Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы. 

Мәслихаттың орналасқан жері: Меркі ауылы,  Ысмайлов көшесі, №169.

Жауапты адам – Есеналиева Әсем Төлендіқызы, каб. №43, аудандық телефон коды (8726 32), қызметтік телефоны:2-21-96, ұялы телефоны: 8 747 101 17 69, электрондық пошта мекенжайы: merkimaslihat@yandex.kz

 

16 сентября 2026
Меркі аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің  мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы өтті. Маңызды жиынға аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаев, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырысқа комиссия төрағасы Нұржан Қарғабаев төрағалық етті.

Алқалы жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған екі негізгі мәселе қаралды:

  1. Аудан аумағындағы «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылуы, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру және күтіп-ұстау жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды.

  2. Меркі ауданы бойынша 2025 және 2026 жылдары өткізілген мемлекеттік сатып алулар тиімділігі туралы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары  баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын қорытындысы бойынша халық игілігіне бағытталған жұмыстардың сапасын арттыру және мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді игеру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.

21 августа 2026
Меркі аудандық мәслихаттың 63-ші сессиясы өтті: Білім беру мекемелерінің оқу жылына дайындығы, бюджет және «Ауыл аманаты» талқыланды

2026 жылдың 21 тамызы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Мұратбек Көрекбаевтың төрағалығымен кезекті 63-ші сессия болып өтті.

Отырысқа аудан әкімі Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов, аудан әкімдігі бөлімдерінің, мекемелерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне 7 маңызды мәселе ұсынылып, талқыланды:

  1. Меркі ауданы аумағындағы білім беру мекемелерінің 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы;

  2. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Меркі ауданында атқарылған жұмыстар барысы туралы;

  3. «2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  4. Меркі ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы;

  5. Меркі аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;

  6. Меркі аудандық эвакуациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы;

  7. «Жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 6 сәуірдегі №57-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

30 июня 2026
Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 60-шы сессиясы өтті

2026 жылдың 30 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 60-шы сессиясы болып өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы жүргізіп отырды.

Алқалы жиынға Меркі ауданының әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы және аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде ауданның қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты келесідей 4 маңызды мәселе қаралды:

1.«Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.«Меркі аудандық бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №41-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

3.Жаңадан құрылған №528 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы;

4.«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Талқылау барысында халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде аудандық бюджетті нақтылау және цифрландыру жобалары бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға аудан әкімі Е.Ж. Жиенқұлов пен тиісті сала басшылары заңдылық шеңберінде толықтай түсініктеме берді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты және тиісті шешімдер қабылданды.

 

12 июня 2026
Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Меркі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес келесі мәселелер бойынша сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнінде хабарлайды:

  • Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарудан босатылуына және құрамнан шығуына байланысты олардың орнына сайлау өткізу;
  • Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округіне қарасты Қазақ дихан ауылында жаңадан №528 сайлау учаскесінің құрылуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру.

1.Аумақтық сайлау комиссиясы

р/с
№

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
(Меркі ауылы, Ысмайлов  көшесі №167,  Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК)

1

БАРЛЫҒЫ 1

 

2.Округтік сайлау комиссиясы

р/с
№

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясы
(Ақтоған ауылы,  Қосбармақов  көшесі №26, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты)

1
БАРЛЫҒЫ   1

 

3.Учаскелік сайлау комиссиясы

р/с
№

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

№283 сайлау учаскесі
(Ойтал ауылы, Жауғаш батыр көшесі  №39, №12 жалпы орта білім беретін мектебі)

1

2.

№289 сайлау учаскесі
(Ақарал ауылы, Сейтімбет көшесі №20,  №5 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы)

1

3.

№480 сайлау учаскесі
(Андас батыр ауылы, Аспара көшесі 54А, «Балбөбек» бөбекжай - бақшасы)

1

4.

№528 сайлау учаскесі
(Қазақ дихан ауылы, Маликасан Құлбеков көшесі №1А, №33 жалпы білім беретін мектебі)

5

БАРЛЫҒЫ 8

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 12 маусымнан бастап 27 маусымға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан (№4) бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан (№5) бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12-27 маусым аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

 Меркі аудандық мәслихатының төрағасы -  Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы. 

Мәслихаттың орналасқан жері: Меркі ауылы,  Ысмайлов көшесі, №169.

Жауапты адам – Есеналиева Әсем Төлендіқызы, каб. №43, аудандық телефон коды (8726 32), қызметтік телефоны:2-21-96, ұялы телефоны: 8 747 101 17 69, электрондық пошта мекенжайы: merkimaslihat@yandex.kz

 

 

 

22 мая 2026
Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 59-сессиясы өтті.

2026 жылғы 22 мамырда Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында М. Көкрекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 59-сессиясы өтті. Отырыcқа аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Өмірбек, тиісті бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды. Бірінші мәселе бойынша Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 «Меркі ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу талқыланды. Қалған мәселелер аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар мен консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты болды.

Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

15 мая 2026
Меркі аудандық мәслихатының кезекті 58-ші сессиясы өтті

 

2026 жылдың 15 мамыры күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М. Көкрекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 58-ші сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен құқықтық тәртібіне қатысты 5 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, депутаттар 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалу есебін тыңдап, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының эксплуатациялық жағдайын зерделеу қорытындыларын талқылады.

Сондай-ақ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Меркі ауданының 2026-2027 жылдарға арналған «Тәртіп тірегі — Меркі» профилактикалық іс-шаралар тұжырымдамасын іске асыру бағдарламасын бекіту және «Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында депутаттар тарапынан бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы мен қоқыс полигондарындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты сыни ескертпелер мен нақты ұсыныстар айтылды. Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер аясында мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданып, жауапты органдарға тапсырмалар жүктелді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы