Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №16-2«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Меркі аудандық  мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №16-2«2024-2026  жылдарға арналған  аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

Қазақстан  Республикасының Бюджет Кодексінің 109 бабы,  «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы негізінде аудандық  мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22желтоқсандағы №16-2шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 

«1.2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет  тиісінше осы шешімнің 1,2,3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға  келесіндей көлемде бекітілсін:

1) кірістер –15474031 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –  4825414 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 22112 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –45000мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 10581505 мың теңге;

2) шығындар –15763998 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –662567 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер –737214 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу- 74647мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 47700 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 47700 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) –  -1000234 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –

1000234 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі -737214 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 74647мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 337667 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда  жазылсын.

2.Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Меркі аудандық

мәслихаты төрағасының

уақытша міндетін атқарушы                                                         Н.Сейсенбаев

 

Дата публикации
01 августа 2024