«Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-3 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Заңының 8-бабының 2-тармақ 2) тармақшасына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4668 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы «150» саны «800» санына өзгертілсін.
2.«Меркі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Меркі аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Меркі аудандық мәслихат төрағасы |
|
М. Кокрекбаев |