2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2024-2026жылдарғаарналғанаудандықбюджеттуралы

Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 7 тармағымен.

Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесіндей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 15045869 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4390414 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 22112 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30000 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 10603343 мың теңге;

2) шығындар – 15045869 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 217188 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 282438 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 65250 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -217188 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 217188 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 282438 мың теңге; қарыздарды өтеу – 65250 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджетінен берілетін субвенциялардың көлемі 2384824 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

3. 2024 жылы аудандық бюджеттен ауылдық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция 242559 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Т.Рыскулов ауылдық округіне – 19916 мың теңге;

Сұрат ауылдық округіне – 23930 мың теңге;

Жаңатоған ауылдық округіне – 29596 мың теңге;

Андас Батыр ауылдық округіне – 39328 мың теңге;

Кенес ауылдық округіне – 25490 мың теңге;

Тәтті ауылдық округіне – 25156 мың теңге;

Ақарал ауылдық округіне – 27684 мың теңге;

Ақермен ауылдық округіне – 28994 мың теңге;

Аспара ауылдық округіне – 22465 мың теңге.

4. Аудандық жергілікті атқарушы органның резерві 120000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

5. 2024 жылға көрсетілген нысаналы трансферттердің сомаларын ауылдық округтер бюджеттеріне бөлінуі аудан әкімінің қаулысы негізінде айқындалады.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

7. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Меркі аудандық мәслихатының төрағасы      М. Көкрекбаев

 

Дата публикации
05 января 2024