Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қоса беріліп отырған Меркі ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Меркі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.«Меркі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Меркі аудандық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Меркі аудандық мәслихат төрағасы М.Кокрекбаев |