Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Меркі аудандық мәслихатының төрағасы                                    М. Көкрекбаев

 

 


 

 

Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Дата публикации
12 декабря 2023