«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Меркі аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №27-6 шешімінің (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 3808 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2.«Меркі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Меркі аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Меркі аудандық мәслихат төрағасы |
|
М. Кокрекбаев |