
"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі - Атақ) беру азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бағалы бастамаларын қоғамның мойындап танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға, олардың Жамбыл облысын (қаланы, ауданды) экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға бағытталған күш-жігерін ынталандыруға, өскелең жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған.