МЕҢДІҚАРА АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
Меңдіқара ауданының қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 10 наурызда Қостанай облысын UTC +5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Ауданда алдын ала азаматтар жиындары, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналыстары, еңбек ұжымдарындағы кездесулер, уақытты ауыстыру мәселесі бойынша Халыққа онлайн сауалнама өткізілді. Осы іс-шараларға барлығы 8510 адам қатысты, сұралғандардың 50 пайыздан астамы уақыттың ауысуына қарсы сөйледі. Қоғамдық кеңес мүшелері талқыланған мәселе бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Меңдіқара ауданының қоғамдық кеңесі шешім қабылдады: Қостанай облысын UTC +5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстыру орынсыз деп саналсын. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қостанай облысының Қоғамдық кеңесіне жолдансын. Қоғамдық кеңестің жұмысына Меңдіқара ауданының әкімі Н.ж. Қатарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Т. Байбулатова қатысты.