ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Меңдіқара аудандық мәслихаты хабарлайды:
"Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабы 2, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі-Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Меңдіқара ауданының хатшысы өкімінің негізінде аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 қаулысымен қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізіледі.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік ету: жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Пошталық мекенжайы: "Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты" ММ, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, № 307 кабинет, жұмыс телефондары: 8 (71443) 24245, 24359.
Электрондық пошта мекенжайы: m.mendykara@mendikaramaslihat.gov.kz; mendikaramaclihat@mail.ru
Жұмыс тәртібі: "Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты" ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде (2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жібереді:
1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы; ;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстары келесі күндері өтетінін шамамен хабарлаймыз: