ҚАДАҒАЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МЕҢДІҚАРА АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСТАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҚАДАҒАЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты ММ хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже)10-тармағына сәйкес:
1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.
2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді.
Пошталық мекенжайы: "Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты" ММ, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, № 307 кабинет, жұмыс телефондары: 24245, 24359.
Электрондық пошта мекенжайы: m.mendykara@mendikaramaslihat.gov.kz; mendikaramaclihat@mail.ru
Жұмыс тәртібі: "Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты" ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде (2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстары келесі күндері өтетінін шамамен хабарлаймыз: