"Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы"
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңының негізінде және экономика, білім беру және ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға елеулі үлес қосқаны үшін, мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметтегі жетістіктері үшін, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы" атағы берілсін:
1. Жақып Қалқаман Хасенұлы;
2.Петр Леонидович Лебедев;
3.Николай Афанасьевич Тимотинге.