Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.    Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 8 793 676,5 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер бойынша - 1 903 080,0 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер бойынша - 52 539,0 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 450,0 мың теңге;

         трансферттер түсімі бойынша - 6 833 607,5 мың теңге;

         2) шығындар - 8 589 308,5 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 43 705,0 мың теңге, оның ішінде: 

         бюджеттік кредиттер - 84 538,0  мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 40 833,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 215 580,8 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - – 54 917,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 54 917,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың төрағасы                           Қ. Рахметқалиев

Дата публикации
01 июля 2025