2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы
Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы
есебі
Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің ережесі негізінде тұрақты және жүйелік негізде өзінің қызметін жүзеге асырады. Қоғамдық кеңестің негізгі тапсырмаларының бірі жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзіні - өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау ұйымдастыру болып табылады.
Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамында қызметін 11 адам жүзеге асырған, оның ішінде 3 - мемлекеттік органдардың өкілдері, 5 адам - азаматтық қоғам өкілдері мен 3 адам - жеке құрылымның өкілдері.
Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесі 2024 жылда жұмыс жоспарына сәйкес өзінің жұмысын жасады. Қоғамдық кеңестің төрт отырысы өткізілген. Отырыста осындай сұрақтар: «2023 жыл бойынша Меңдіқара ауданы азаматтарының бостандықтары мен құқықтарын сақтау және заңдылығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қостанай облысы Полиция департаменті Меңдіқара ауданының полиция бөлімі бастығының есебі», «Боровское ауылы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмысы туралы», «Меңдіқара ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы», «Алешин ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы», «2023 жыл бойынша Меңдіқара ауданының, Боровское ауылы мен ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы», «Аудандық маңызы бар жолдарын және елді мекендердің көшелерін жөндеу барысы туралы», «Меңдіқара ауданының, Боровское ауылы мен ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы», «Ивановка, Архиповка, Степановка, Михайловка ауылдарында су құбырын салу барысы туралы» және тағы басқалары қарастырылған болатын.
Қарастырылған сұрақтарды талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері жұмысты жақсартуға бағытталған өзінің ескертулері мен ұсыныстарын білдірді. Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша сәйкес ұсыныстар берілген болатын.
Жыл ішінде нормативтік - құқықтық актілердің 31 жобасы қарастырылды, олар: «Боровское ауылы және Меңдіқара ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскілері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы», «Меңдіқара ауданы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы», «Меңдіқара ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» және басқалар. Нормативтік - құқықтық актілердің барлық қарастырылған жобалары бойынша ұсыныстар берілген болатын.
Қоғамдық кеңестің мүшелері жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияларда, «2023 жыл бойынша қызмет нәтижелері туралы» Меңдіқара ауданы әкімінің есебінде, аудандық мәслихаттың сессияларының отырыстарында, Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанында құрылған үйлестіру және кеңестік органдардың жұмысына, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауда, Республикалық референдум өткізу мен дайындау, салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық, діни - адамгершілік, әскери - патриоттық тәрбиелеу бойынша ауданның жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен өткізілетін іс - шараларға қатысқан болатын, «AMANAT» патриясының аудандық филиалымен белсенді серіктестік жасады.
Өткізілген жұмыс туралы ақпарат аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Қарастырылған сұрақтарды талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері жұмысты жақсартуға бағытталған өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын білдірді. Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша сәйкес ұсыныстар берілген болатын.