Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек  азаматтардың келесі санаттарына, табыстарын есепке алмай, бір рет көрсетіледі:

1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Дата публикации
21 апреля 2025