Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 83 «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтерінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтерінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 83 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Боровское ауылының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 908 752,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 85 182,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 5 799,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 336,7 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 816 433,4 мың теңге;
2) шығындар - 914 072,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - – 5 319,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 319,8 мың теңге.»;
2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2024 жылға арналған Боровское ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 61 130,0 мың теңге сомасында және ағымдағы нысаналы трансферттер 755 303,4 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: