Мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 79 «Меңдіқара ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 79 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Меңдіқара ауданының 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 530 234,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1 576 037,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 45 831,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 167,3 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 3 904 198,2 мың теңге;
2) шығындар - 5 823 463,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 20 763,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 57 532,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 36 769,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 191 741,4 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - – 505 732,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 505 732,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ. Рахметқалиев