2023 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

Меңдіқара аудандық мәслихатының

аппарат басшысы

А. Қ. Бисеноваға

 

 

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 

Боровское ауылы                                                           2022 жылғы  8 желтоқсан

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Меңдіқара аудандық мәслихатының хатшысының 2023 жылғы              1 желтоқсандағы № 51 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес   «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Аппараттың қызметі мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №  185 шешімімен бекітілген «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже негізінде жүзеге асырылады.

Меңдіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 ммырдағы №  41  шешімімен бекітілген «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі-әдістеме) аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық құжат болып табылған.

Құзырет мәселелері бойынша мәслихат сессияларында қабылданатын шешімдер жергілікті өкілді органның актілері болып табылады. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің мониторингін аппараттың ұйымдастыру-құқықтық бөлімі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес жүзеге асырады. Мониторингтің нәтижесі актілер қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келмеген жағдайда уақтылы шаралар қабылдау болып табылады. Меңдіқара аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Аппарат қызметкерлерінің штат саны 9 бірлікті құрайды, оның ішінде: мәслихат торағасы – 1, мемлекеттік қызметшілер – 5 бірлік, техникалық персонал және шарт бойынша қызметкерлер – 3 бірлік. Есепті кезеңдегі ауысымдылық қызметкерлердің мемлекеттік сектордың басқа ұйымдарына кетуіне байланысты 2 бірлікті, бала күтімі бойынша декреттік демалысқа шығуға байланысты 1 бірлікті құрады.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес еңбек тәртібін, талаптары мен нормаларын сақтайды.

Сонымен қатар, Меңдіқара аудандық мәслихатының хатшысының 2022 жылғы          7 шілдедегі № 15 өкімімен нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін бір қызметкер ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жаза 3 ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Есепті кезеңде «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға 1 конкурс өткізілді, және заңнамаға сай жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсыррыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгіленген 3,33 баллынан кем емес оқу нәтижесімен конкурс өткізілместен 2 түлек бос лауазымдарға тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың алғышарттары жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Аппаратта туыстық байланысы бар не ерлі-зайыптылар болып табылатын мемлекеттік қызметшілер тығыз бағыныста, не өзара іс-қимылда жұмыс істемейді, мүдделер қақтығысы анықталмаған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алғышарттары анықталған жоқ.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету

Аппарат Мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Аппарат рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

2.5. Бақылау функцияларын іске асыру

Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.

2.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Аппараттың мемлекеттік қызметшілері мен мәслихат депутаттары заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылған.

Әлеуметтік желілерде жергілікті өкілді органның атына мақалалардың теріс мазмұнына жарияланымдарға мониторинг жүргізіледі. Өткен кезеңде теріс мазмұн жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары жыл сайынғы негізде қаржылық бақылау шараларының бірі ретінде кірістер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Өткен кезеңде аппаратта 49 Мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде: ашық конкурс тәсілімен – 0, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден – 22, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 8, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден – 16.

Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі анықталған жоқ, мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілді. Ішкі талдау нәтижесінде аппарат басшысының немесе мәслихат хатшысының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Аудандық мәслихат қызметінің маңызды бағыттарының бірі-сайлаушылармен өзара іс-қимыл жасау және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау. Есепті кезеңде аппаратқа 13 өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 5, заңды тұлғалардан – 7, ұжымдық тұлғалардан – 1.

Барлық өтініштер қаралды, өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

Мәслихат халықты толғандыратын проблемаларды шешу үшін өкілді орган ретінде жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жібереді және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды. Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарға 9 депутаттық сауал жолданды. Оның 7-еуі немесе 77,8%-ы қанағаттандырылды және орындалды. 7 депутаттық сауалдың ішінде: 40 % – ТҮКШ саласы; 40 % – тұрғын үй саласы, 10% - әлеуметтік сала; қалғаны басқа салалардың үлесіне тиесілі.

Мәслихат аппаратының 2015 - 2018 жылдардағы мемлекеттік мұрағатқа әрбір бес жыл сайын тапсырылатын құжаттарына сараптама жүргізілді. 2021 жылдан бастап мәслихаттың маңызды құжаттарын мұрағат бағдарламасына бірыңғай электрондық нұсқада енгізу жұмыстары басталғанын айта кету керек.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Меңдіқара аудандық мәслихатының қызметі туралы ақпарат Меңдіқара аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында және ақпараттық стендте орналастырылған.

Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы бекіткен лауазымды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі бекітілді (апта сайын: сейсенбі, бейсенбі күндері 9:00-12:00 өткізіледі).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі болып табылады, алайда мынадай ұсынымдар шығарылды:

  1. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес тұрақты негізде мәслихаттың нормативтік құқықтық актілеріне және аппарат қызметін қозғайтын құқықтық актіге қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестік мәніне мониторинг жүргізу. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, дереу өзгерістер енгізілсін.
  2. Аппаратта мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін тұлғалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келсін.
  3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын тұрақты негізде сақтау: киімнің іскерлік стилін сақтау, телефонмен сөйлесу кезінде әдепті және сыпайы болу.
  4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде осы мақсаттар үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ жариялылық пен ашықтық қағидаты бойынша рәсімді жүзеге асыру.

 

 

Мәслихат аппаратының

Құқықтық және кадрлармен

бөлімінің басшысы                                          А. Мұсаева

 

 

 

 

Дата публикации
08 декабря 2023