Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында С.Ы. Үкинаның төрайым етуімен кеңестің мүшелері «Жылу маусымына дайындық барысы туралы» сұрағын қарастырды. Есеп берумен тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Е.В. Приставко сөз сөйледі.
Толыққанды жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталған. Автономды жылытылатын білім беру жүйесінің барлық объектілерінде қажетті көмір қорымен қамтамасыз етілген. Жылу энергиясын негізгі тасымалдаушы «Боровское ТКШ - 2016» МКК «Богатырь» маркалы 4250 тонна және «Шубарколь» маркалы 3500 тонна көмірді тасымалдауға келісімшарт жасасты, оны тасымалдау кестесі құрастырылған. Кестеге сәйкес 1400 тонна көмір отын қойылған. Орталық қазандықтың дайындығы жүз пайыз. Бұл жерде үш жаңа қазандық, жаңа үлкен көлемдегі құбыр мен газ шығулары орнатылған.
Жаңа орталық қазандықтың құрылысына жобалық - сметалық құжаттама әзірленген. Осы сұрақты оң шешкен кезінде құрылыс келесі жылда басталады. Сонымен қатар ағымдағы жылдың қарашасының аяғына дейін Орталық аудандық аурухана мен салынып жатқан ДШСК - не жаңа блоктық - модульдік қазандық орнатылатын болады.
Осы сұрақты талқылау кезінде негізгі бастаманы Қоғамдық кеңесінің мүшелері жылу сапасына жасады. Өйткені жыл сайын жылытатын көп пәтерлі үйлердің тұрғындарынан төмен температуралық режиміне көптеген шағымдар түседі.
Қоғамдық кеңестің отырысында сондай - ақ «Аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерінің жөндеуінің барысы туралы» сұрағы қарастырылған болатын. Ағымдағы жылы жөндеуге 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Қасқат және Красная Пресня ауылдарында 5 көшенің жол қаптамасы жөнделінді. Каменскуральское, Введенка, Первомайское, Боровское ауылдарында жөндеу бойынша жұмыстар аяқталуда. «Боровское – Ұзынағаш» аудандық маңызы бар жолдардың орташа жөндеуі 1,8 миллиард теңге жалпы сомасына жүргізілуде. Жоба екі жылға есептелген. Жолдардың жөндеуі бойынша жұмыстар 2024 жылда жалғастырылған болатын.
Қоғамдық кеңесінің мүшелерінде жолдардың жөндеу сапасы бойынша көптеген сұрақтары болды. Жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар қанағаттанарлықсыз жұмыс істейді.
Қоғамдық кеңестің отырысында Первомай ауылдық округтің әкімі В.М. Сосенко және Михайлов ауылдық әкімі М.С. Джафарова «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмысы туралы» есеп берді.
Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша Қоғамдық кеңестің ұсыныстары қабылданған болатын және сәйкес бөлімдерге жолданылды.
