29 наурызда Меңдіқара ауданының Қоамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

29 наурызда Меңдіқара ауданының Қоамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңесінің мүшелері «Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы мен құрылыс бөлімі» ММ - сінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмысы туралы» сұрағын қарастырды. Бөлімнің басшысы Н.О. Бажиров бөлімде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. 2022 жыл бойынша бөлімде қандай да бір бұзушылықтар тіркелмеген. Барлық өтініштер, хаттар белгіленген мерзімдерге сәйкес қарастырылады. Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс қанағаттанарлық екендігін белгілеп айтты.

Меңдіқара ауданының мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. Г.А. Ахметова сөз сөйледі. Осы мәселеде шешілмеген мәселелер көп. 13 мектеп ыстық тамақпен қамтылмаған. Бүкіл мәселе бұл аз қамтылған бастауыш және негізгі мектептері, онда санитарлық эпидемиологиялық қағидалары мен нормаларының сәйкес талаптарына жағдайлар жоқ. Тамақты ішу бойынша пункттерді ұйымдастыру үшін нақты жағдайлар болуы шарт. Сонымен бірге мектептерді аттестаттау кезінде негізгі мәселелердің бірі тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Ол болмаған жағдайда мектеп аттестацияланады және үлкен айыппұлдар салынады. Осы мектептер үшін осы мәселені Білім министрлігінің деңгейінде шешу қажет.

Меңдіқара ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы    А.Қ. Асатова - Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтері ішкі бақылау, мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы айтып өтті. Кеңес мүшелері осы мәселе бойынша оң динамикасын белгіледі. 2022 жыл бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтар тіркелмеген. Елеулі түрде бір және осы сұрақ бойынша қайтадан жолдану төмендеген. Бірақ та мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен сапасына басқарушылық техниканың – компьютерлердің жарамсыз тозуы әсер етеді. Осы мәселе ағымдағы жылы шешілетін болады, компьютерлік техниканы жаңартуға аудан бюджетінен қаражат салынған.

 

Дата публикации
29 марта 2023