|
|
|
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 185 шешімімен бекітілген |
«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
Мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00 - ден 18.30 - ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Егер Мәслихат аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 - тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Меңдіқара аудандық мәслихатының қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметiн ұйымдық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де тұрғысынан қамтамасыз етуін жүзеге асыру;
депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
2) міндеттері:
1) аудандық мәслихат сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында жоспарланған күн тәртібінің мәселелері бойынша ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан сұрастырады;
2) депутаттық сұраулардың және депутаттық өтiнiштердiң өз уақытында қарастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган мен мекемеге сұрау жібереді;
3) аудандық мәслихатқа жіберілетін заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау нәтижелері мен мерзімдері бойынша бақылауды жүзеге асырады.
4) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасады.
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру;
1) мәслихаттың аудан әкімі аппаратымен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және өзін - өзі басқару органдарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шеңберінде өзара іс - қимылын жүзеге асырады;
2) өз жұмысын мәслихаттың, оның тұрақты және басқа да комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес жасалған ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлары негізінде жүргізеді;
3) мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтарды қабылдауды, есептерді және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға тәжірибелік көмек және ықпал көрсетеді, оларды қажетті анықтама материалдарымен қамтамасыз етеді, мәслихатқа түскен ақпараттарды талдайды;
4) мәслихат сессияларында депутаттар айтқан ұсыныстар мен сын -ескертпелерді орындалуы бойынша іс - шаралар жасауды ұйымдастырады, тұрақты комиссиялармен бірлесе отырып, олардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;
5) депутаттық сұраулардың уақытылы қаралуына есеп және бақылау жүргізеді;
6) әкімшілік - аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар әзірлеуге қатысады, депутаттардың оқуын жүзеге асырады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық тәжірибесін жинақтап және оны іс жүзіне асырады;
7) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, Мәслихат аппаратында құжаттармен жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды, олардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
8) баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және мәслихат қызметінің мәселелері бойынша басқа да құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады, мәслихат шығарған нормативтік - өкімдік құжаттардың төлнұсқаларын дайындауды, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізеді, талапқа сай етіп әзірлейді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте, аудандық мәслихаттың шешімдерін және оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жариялануын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін.
10) Белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға, мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының шешімдерін жеткізеді;
11) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын есепке алуды, тіркеуді жүргізеді, олардың уақытылы қаралуын ұйымдастырады;
12) материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
13) аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады.
3 - тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
1-2) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарымен өзара iс - қимылын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым - қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс - шараларды белгiлейдi;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5 - тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату