БОС ОРЫНДАР

БОС ОРЫНДАР

16.08.2021 жыл хабарландыру

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясы (111300, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, 310 каб., анықтама үшін телефон: 8(71443)2-43-59, факс: 8(71443)2-42-45, электрондық мекенжайы: m.mendykara@mendikaramaslihat.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты (1 бірлік), лауазымдық еңбек ақысы қызмет өтіліне байланысты 100696 теңгеден 136444 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мәслихат хатшысына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыру және орындау. Келіп түскен өтініштердің орындалуын есепке алу және бақылау. Аяқталған істерді есепке алу және сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, аудандық мұрағатпен жұмыс істеу. Жеке істерді жүргізу, еңбек кітапшасына қажетті жазбалар енгізу. Бос лауазымдарға орналасуға конкурстар дайындау және өткізу. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін жүргізуді ұйымдастырады. Кіріс және шығыс құжаттарын есепке алу, депутаттарға арналған ақпараттық материалдарды және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шолу материалдарын дайындауға қатысу. Мемлекеттік қызметкерлердің сапалы құрамын талдау, кадрлар бойынша статистикалық есеп даярлау, соның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызметтер, ауыл шаруашылығы ғылымдары

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білімі, құқық, өнер және мәдениет, қызмет көрсету, экономика және басқару, метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресс орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде конкурс өткізіледі (бұдан әрі - Қағидалар).

БОС ОРЫНДАР
Дата публикации
16 августа 2021