Меңдіқара аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

Меңдіқара аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

Мерзімі

Іс - шаралар

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиялары

I тоқсан

1. Меңдіқара ауданында коронвирустық инфекциясы ауруларын алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жай - күйі туралы.

2. 2021 жыл бойынша атқарылған жұмысы туралы Меңдіқара аудандық мәслихаты хатшысының есебі.

II тоқсан

1. 2021 жыл бойынша Меңдіқара ауданының бюджетінің орындалуы туралы.

2. 2021 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы.

III тоқсан

1. Меңдіқара ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

2. Меңдіқара ауданында «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

IV тоқсан

1. Меңдіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы.

2. Меңдіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.

3. Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.

4. 2022 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы

Құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

I тоқсан

Көктемгі егіс шараларының негізгі кезеңдерін өз уақытында өткізуге дайындық туралы.

Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы мен құрылыс бөлімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

II тоқсан

1. 2021 жыл бойынша Меңдіқара ауданының бюджетінің орындалуы туралы. 2021 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы.

Меңдіқара ауданының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстау бойынша жай - күйі мен шаралары туралы.

III тоқсан

Меңдіқавра ауданының коммуналдық шаруашылық объектілерінің 2022-2023 жылдардың жылу мезгіліне дайындығы туралы.

Меңдіқара ауданында мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылықтарын цифровизациялау мен егіс алқаптарының құрылымын диверсификациялау нәтижелері туралы

Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы.

IV тоқсан

Меңдіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.

Меңдіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджетінің жобасы туралы.

Табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

I тоқсан

Аудандық деңгейде «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы

Первомай ауылдық округінің әлеуметтік дамуы туралы (көшпелі отырысы).

II тоқсан

2022 жылдың жазғы кезеңіне Меңдіқара ауданының балаларын бос уақытын қамту мен сауықтыру, демалысын ұйымдастыру туралы

Спорттық инфрақұрылымды дамыту, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тұрғындарды тарту бойынша жұмыс барысы туралы

III тоқсан

Меңдіқара ауданында «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ломоносов, Теңіз және Қарақоға ауылдық округтерінің әлеуметтік дамуы туралы (көшпелі отырысы).

IV тоқсан

Аз қамтылғандарға және жетім балаларға тұрғын үйді тарату тәртібі мен азаматтарды есепке алуын ұйымдастыру туралы

Әйелдерге, қарт адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық мәселелері туралы.

Депутаттармен жұмыс

Тұрақты

Депутаттарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету

II, III тоқсандар

Депутаттар үшін оқытатын семинарлар - тренингтер өткізу.

Жартыжылдық, жыл қорытындысы бойынша

Депутаттардың қызметін талдау

Түсу шарасы бойынша

Хаттармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Бөлек кесте бойынша

«Nur Otan» партиясы» фракциясының отырысында атқарылған жұмысы туралы депутаттардың есебі.

 

Меңдіқара аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ
Дата публикации
20 января 2022