GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
Мәслихат сессиялары
05 октября 2026
МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 Бүгін, 5 қазан күні аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының отырысы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Нұржан Мақсатов, аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов, сондай-ақ аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер енгізілді:

 1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
 2. Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы № 328 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева баяндама жасады. Ол мемлекеттік әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында келген  мамандарға берілетін көтерме жәрдемақыларды өтеуге және көшелер мен елді мекендерді жарықтандыру бойынша қалыптасқан берешектерді өтеуге қажетті қаражаттың қарастырылғанын атап өтті.

 Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, сессия жұмысының қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Мәслихат сессиялары
28 сентября 2026
Мәслихат Мәртөк ауданының жаңа әкімінің кандидатурасын бекітті

Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы барысында депутаттар Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатовтың аудан әкімі лауазымына тағайындалуына бірауыздан келісім берді.

«Нұржан Мақсатовтың мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар. Ол облыстың экономикасы мен бюджеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық даму бағыттарында жауапты қызметтер атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды жобаларға жетекшілік етті. Жаңа қызметінде жинақтаған тәжірибесін Мәртөк ауданының дамуына тиімді пайдаланады деп сенемін», – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатов 1992 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді. Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында бастаған. Әр жылдары аталған басқармада бас маман және бөлім басшысы қызметтерінде болды.

2020-2022 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап осы басқарманың басшысы қызметінтерін атқарды.

Жаңа аудан әкіміне Мәртөк ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды ілгерілету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында жұмыс жүргізу міндеті қойылды.

25 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 15:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36, мәжіліс залы).

 Күн тәртібі:

Мәртөк ауданы әкімін тағайындауына келісім беру туралы.

 

  

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы                        Т.О.Көлкебаев

Қоғамдық кеңес
23 сентября 2026
Мәртөк ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы

Бүгін, 23 қыркүйек күні, Мәртөк ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаев қатысты.

Күн тәртібіне Хазірет, Байнассай және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерінің есептері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат енгізілді.

Отырыста аталған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды және қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды.

#МәртөкАуданы #ҚоғамдықКеңес #МәртөкАудандықМәслихаты #АшықДиалог #МемлекеттікҚызметтер

Депутаттар
21 сентября 2026
Ауылдық округтер тұрғындарымен кездесулер

 Ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйек күндері аудандық мәслихат депутаты Зәкір Құрманаев Хазірет, Родников және Қызылжар ауылдық округтері тұрғындарымен өткен аудан әкімінің кездесулеріне қатысты.

  Кездесулер барысында тұрғындар ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымға, абаттандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және халықты толғандыратын басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

  Мәселелерді талқылауға тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың сауалдарына түсініктемелер берді.

Көтерілген мәселелер мен тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 Аудандық мәслихат депутаттарының осындай кездесулерге қатысуы халықпен тікелей байланыс орнатуға, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңес
10 сентября 2026
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

2026 жылғы 28 тамызда Мәртөк аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмысы және ауылдық округтер әкімдерінің есептері қаралды.

Отырыс барысында ауданның өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.

Аталған мәселелердің шешілуіне қатысты пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Мәслихат сессиялары
10 сентября 2026
Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттары кезектен тыс 55-ші сессияның мәселелерін қарады

🔹 2026 жылғы 15 шілде күні Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев төрағалық етті.

✅ Сессия отырысына аудан әкімі Медет Ысқақов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары және Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.

📑 Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2026–2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу;
2. Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына өзгеріс енгізу;
3. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына орай мұқтаж азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімнің күшін жою туралы.

📌 Күн тәртібіне енгізілген мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Нәтижесінде барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Мәслихат сессиялары
02 июля 2026
КЕЗЕКТІ СЕССИЯ

25.06.2026 ж. Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Медет Ысқақов, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев төрағалық етті.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы;
«2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №280 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Мәртөк ауданы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру жөніндегі Мансап орталығының қызметі туралы;
Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Мәртөк ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамындағы өзгерістерді бекіту туралы;
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттар
29 мая 2026
Мәртөктегі түлектер мен ұстаздар мерекесі

📚 25.05.2026 ж. Мәртөк аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері оқу жылының аяқталуына орай аудан мектептеріндегі салтанатты шараларға қатысып, ұстаздарды марапаттады.

🎓 Биыл Мәртөк ауданы бойынша 314 түлек мектеп бітірді. Осыған орай барлық білім беру ұйымдарында өткен мерекелік жиындарда депутаттар түлектерге сәттілік тілеп, ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізді.

🏅 Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен бірқатар педагогтерге «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов атынан «Алғыс хат» табысталды.

Депутаттар
20 мая 2026
ФРАКЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

AMANAT партиясы Мәртөк аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен фракция мүшелері Кенсахара ауылындағы 100 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Ауылдағы жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда нысанда ішкі сырлау, әктеу және электр желілерін жүргізу жұмыстары қатар атқарылуда. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары маусым айында толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал жаңа білім ордасы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға толық дайын болады.

Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер де анықталды. Атап айтқанда, мектеп аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілмейтіні белгілі болды. Оның себебі — бастапқы сметалық-жобалау құжатында мектептің жылу қазандығы мен спорт алаңы қарастырылмаған.

Соның салдарынан абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаражат есебінен жылу қазандығы мен спорт алаңы салынған.

Аталған мәселеге назар аударған депутаттар мен комиссия мүшелері бұл жағдайды құжат жүзінде нақтылап, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет деген шешім қабылдады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы