Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 19 баптарына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:
1) Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
2) Мәртөк ауданы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру жөніндегі «Мансап» орталығының қызметі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |