2026 жылғы 18 ақпан
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 157 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 159 «Мәртөк ауданының терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 160 «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 162 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізу туралы.
8) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 209 «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпаратшы: Н.Б.Сақтағанов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |