Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

      2026 жылғы 11 ақпан

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпаратшы: Д.Қ.Кадыров – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.

3) «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Г.Курмангалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

4) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

Дата публикации
13 февраля 2026