Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2025 жылы 24 желтоқсан 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 15 қаулысы негізінде, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан:

№ 278 сайлау учаскесі – Кулниязова Баян Махсетбаевна;

№ 289 сайлау учаскесі – Карпенко Даяна Даулеткерейқызы шығарылсын.

2) учаскелік сайлау комиссияларының құрамына:

№ 278 сайлау учаскесі – «Болашақ-М» қоғамдық бірлестігінен Казтуганова Гульжанар Коблановна;

№ 289 сайлау учаскесі – «AMANAT» партиясынан Сальменова Арина Федоровна сайлансын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

Дата публикации
14 января 2026