Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    2025 жылғы 24 желтоқсан        

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына, 19 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 15 қаулы негізінде, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) сайлау комиссиясының құрамынан:

№ 3 округтік сайлау комиссиясы – Оразбаев Бакберген Колбайулы;

№ 5 округтік сайлау комиссиясы – Шенгелбаева Динара Сарсенбаевна;

№ 11 округтік сайлау комиссиясы – Досова Айдана Мұратқызы шығарылсын;

 

2) сайлау комиссиясының құрамына:

№ 3 округтік сайлау комиссиясы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалынан Асылбек Мурзагалиевич Усенов;

№ 5 округтік сайлау комиссиясы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалынан Каламкас Жарлгасыновна Баязитова;

№ 11 округтік сайлау комиссиясы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалынан Айшолпан Аманкуловна Насырова сайлансын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 января 2026