2025 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) 2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы.
2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 182 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3) 2026-2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Баяндамашы: А.Ж.Сасырауов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
5) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: М.А.Турлыгулова – аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |