Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) 2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы.
2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы.
Баяндамашы: Ж.С.Кауменова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.
4) Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
Баяндамашы: Р.Ж.Айтқалиев – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.
5) Аудандық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
Баяндамашы: Б.А.Абдуллина – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы.
6) Мәртөк аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
7) Мәртөк аудандық мәслихат аппаратының штат кестесі және құрылымы, қызметтік автомашиналарының лимиті туралы.
8) № 5 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Ж.К.Ұзақбаеваның депутаттық сауалы туралы.
9) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т.Көлкебаев |