№ 4 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Р.А.Копжанның депутаттық сауалы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Б.Б.Күзембаеваға жолданған № 4 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Р.А.Копжанның депутаттық сауалы назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсынуы үшін, «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» ММ (А.Б.Кадыров) депутаттық сауалды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.

 

 

Мәртөк аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

       

 

 

Дата публикации
24 ноября 2025