Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:

1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 182 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпаратшы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) «Мәртөк ауданының Құрметті  азаматы» атағын беру туралы.

Ақпаратшы: О.С.Қонысбай – аудан әкімінің орынбасары.

3) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 155 «Мәртөк ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 157 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 159 «Мәртөк ауданының терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 160 «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 162 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізу туралы.

9) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 209 «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес  құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпаратшы: Н.Б.Сақтағанов – аудан әкімі аппаратының басшысы.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Көлкебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2025